Бұл – бүгінгі қоғамда өз ісіне адал, еңбекпен есімі танылған жандарға берілген үлкен баға. Еңбек – елдік мұраттың тірегі. Қарапайым тірлікте тынымсыз тер төгіп, елдің дамуына үнсіз үлес қосып жүрген сондай абзал жандардың бірі – «Жасыл Ел – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тұрмыстық қатты қалдықтар шығару учаскесінің жүргізушісі Ержан Құдайбергенов.
1965 жылы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында дүниеге келген Ержан Тұрсынбайұлы мектеп қабырғасында жүріп-ақ техникаға бейім болып, темір тұлпардың тізгінін ерте ұстаған. Бұл – оның болашақ кәсібін де, өмір жолын да айқындап берген секілді. Түркістан қаласындағы техникалық оқу орнын үздік тәмамдаған ол туған ауылына оралып, ұстаздық жолмен қатар кеңшарда шопандық қызмет атқарған. Бұл – кеңестік ауылдағы еңбек мектебінен өткендердің бәріне ортақ тағдыр.
Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан жылдары Ержан аға Тараз қаласына қоныс аударып, алғаш құрылған «Таза қала» серіктестігінде еңбек жолын бастайды. Бүгінде осы салада еңбек етіп келе жатқанына жиырма жылдан асты. Қай кезде де тазалық пен тәртіптің алдында жүрген ол бүгінде 450 мыңнан аса халқы бар көне шаһар – Тараздың көркеюіне өзіндік үлес қосып келеді.
Ержан Құдайбергеновтың бір күндік жұмыс кестесі – жай ғана көлік жүргізу емес, үлкен жауапкершілік. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында, жаңбыр мен боранда қаланың күл-қоқысын тасу, көшені қардан тазарту – қажыр мен қайратты талап ететін жұмыс. Бірақ ол ешқашан шағым айтпайды, керісінше кәсібін мақтан тұтады:
«Кез келген жұмысқа немқұрайлықпен қарау – табиғатыма жат дүние. Адал еңбек еткен адам ешқашан ұтылмайды. Көлікке деген махаббат – бала күнімнен келе жатқан сезім. Міне, осы кәсіппен 20 жылдан бері елге қызмет етіп келемін. Қаланың тазалығы – тұрғындардың жайлылығы. Көшелеріміздің тап-таза болып жарқырап тұрғанын көргенде, бар қиындық ұмытылып, кеудеңді мақтаныш кернейді», – дейді ол.
Табандылығы мен еңбекке адалдығы арқасында Ержан Құдайбергенов әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Олар оны «жұмысқа ерте келіп, кеш қайтатын, тиянақты әрі жомарт жан» деп сипаттайды. Оның кеудесінде жарқыраған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі мен қала, облыс басшылығы тарапынан берілген алғыс хаттар мен марапаттар – тынымсыз еңбектің еленгенінің айғағы.
Бүгінде ол – бір отбасының ардақты отағасы, төрт перзентінің қамқор әкесі. Адал еңбекті жанына серік еткен жан үшін отбасының амандығы мен қаланың тазалығы – қатар тұрған үлкен жауапкершілік.
«Әкем әрдайым: «Қандай жұмыс істесең де, шын ниетпен, адал атқар. Себебі ол – сенің жейтін наның» деп айтып отыратын. Сол сөз менің өмірлік ұстанымыма айналды», – дейді ол.
Қарапайым еңбекпен қала көркіне айналған тазалықты қамтамасыз етіп жүрген Ержан Құдайбергенов – біздің бүгінгі қоғамға қажет нақты кейіпкер. Ол – төзім мен табандылықтың, адалдық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Президент айтқандай, осындай еңбек адамдарына құрмет көрсету – елдің дамуына қосылған шынайы үлес болмақ.

Ақерке БИҒАБЫЛ,
М.Х. Дулати атындағы университетінің 3-курс студенті
Ұқсас жаңалықтар
Германияда өтетін жазғы Универсиадада ел намысын 76 спортшы қорғайды
- авторAR-AY
- 15 шілде, 2025