Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көпір құрылысы қашан аяқталады?

Көпір құрылысы қашан аяқталады?
Автор
Көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру мен көлік жолдарындағы жүктемені азайту мақсатында Тараз қаласындағы Абай даңғылының бойында теміржол үстінен өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталған болатын. Жобаның жалпы құны 16 миллиард 546 миллион теңгені құрайды.

2024 жылы Тараз қаласының Бақытжан Орынбеков «Абай даңғылының теміржол үсті арқылы өтетін жол өткелі мен жаяу жүргіншілер өткелі бөлігінің құрылысын салу» жобасын 2024-2025 жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік ұсыным ұсынылғанын айтқан еді. Бірнеше ай бұрын жоба бастау алып, бүгінгі таңда құрылыс аймағындағы жеке тұрғын үйлер мен кәсіпорын иелерімен келіссөз жүргізіліп, сүру жұмыстары қолға алынуда.

Тараз қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы Айбек Жапарқұловтың айтуынша, сүру жұмыстарын 56 нысанға жүргізу көзделген. Бүгінде 43 нысан келісім берген. Ал 13 үймен сот процесі жүргізілуде.

– Мердігер компания құрылысты бастап кетті. Жалпы құрылыс көлемі 950 метрге жетіп отыр. Көпірдің ені – 21,5 метр. Жол өткелінің жүк көтерімділігі өте жоғары. Яғни қала ішіндегі жүк көліктерінің кез келгені бұл жолмен өте алады. Жүру қозғалысы екі бағытта, екі қатарда жүзеге асады. Құрылысты авторлық қадағалаушы – «Dam En Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс жұмыстары екі жылға созылады. Яғни биыл басталып, келесі жылы аяқталады деп күтілуде, – дейді Айбек Жапарқұлов.

Тағы да айта кетейік, жол өткеліне арнайы жеделсаты, баспалдақ қоса салынады. Сондай-ақ көпір маңын көгалдандыру жұмыстары да атқарылмақ.

Ауқымды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру облыс орталығындағы логистиканы жақсартуға, көлік қозғалысының тиімділігін арттыруға және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар