Қазақстан Республикасының жолаушыларды тасымалдау қағидаларының 41-1 тармағы бойынша жолақы жолаушы көлікке отырған сәттен бастап келесі аялдамаға дейін есептеледі. Бұл өзгеріс көлеңкелі төлемдердің алдын алып, қоғамдық көліктегі тәртіпті күшейтуге бағытталған.
Жаңа бақылау жүйесі 2026 жылғы 1 сәуірден бастап ресми түрде күшіне енеді.
Тексеру қалай жүргізіледі?
Арнайы бақылаушылар мен полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерге кіріп, төлем жүйесін уақытша тоқтатады. Осы уақытта жолаушылардан электронды немесе қағаз билеттердің бар-жоғы тексеріледі. Төлем жасалғаны арнайы құрылғылар арқылы расталады.
Жолақы төлемеген немесе билетсіз жүрген азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері – 2 айлық есептік көрсеткіш (8 650 теңге).
Сондықтан қоғамдық көлікте жолақыны уақытында төлеуді ұсынамыз.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы


