Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Атқарылған жұмыстар сараланып, жоспарлар нақтыланды

Атқарылған жұмыстар сараланып, жоспарлар нақтыланды
Автор
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен Жұмысшы мамандықтары жылын тиісті деңгейде ұйымдастыру бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға басқарма басшылары, штаб мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Штаб отырысын Серік Сәлемов ашып, жүргізді. Алғашқы болып сөз алған облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша баяндама жасады.

– Жоспарға сәйкес 2025-2026 жылдары колледждер халықаралық салалық аккредиттеуден өту, «1С» сертификаттау орталығын құру, 220 орындық жатақхана құрылысын салу, 6 салалық (hub) кешен ашу, жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша мақсатты білім беру тапсырысын ұлғайту, шетелдік инвестор тарту арқылы жаңа мамандық ашу іс-шараларын өткізу қамтылған. Іс-шараларды жүзеге асыруға 404 миллион теңге көлемінде (жергілікті бюджет есебінен 304 миллион теңге, демеуші кәсіпорындар есебінен 100 миллион теңге) қаражат бөлу жоспарланған. Жұмысшы мамандықтары жылындағы 123 іс-шараның 74-іне білім басқармасы жауапты болып саналады. Оның бүгінгі күнге 30 іс-шарасы орындалып, 44-і орындалмаған, яғни орындалу мерзімі бар. Жобалық офиске БИТРИКС жүйесіне 40 іс-шара енгізілген. Оның 25-і білім басқармасына қатысты және бүгінгі күнге 9-ы өткізілген. Жалпы облысымызда колледждер мен кәсіпорындар, жоғары оқу орындары арасында 98 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 7000 оқушыға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, 200-ге жуық кәсіпорын базасына экскурсия жасалынды. Жұмыс берушілермен 5 салалық форсайт сессиясы өтіп, 1 республикалық, 3 облыстық чемпионат, 5 шеберлік конкурстары ұйымдастырылды. Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша іс-шаралар тұрақты бақылауда, – деді Нұрбек Әбубекұлы.

Ал облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев іс-шаралар жоспары бойынша басқармаға 7 тармақ берілгенін, сол бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті.

Оның айтуынша, биылғы жылы 55,1 мың адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған. 5 айдың қорытындысы бойынша 26,8 мың адам жұмысқа орналасқан.

Сонымен қатар облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бойынша атқарылған ақпараттық-идеологиялық жұмыстарға тоқталып, құлақтандыру, насихаттау жұмыстары бойынша баяндама жасады.

Жиын соңында Серік Жақсылықұлы баяндамашылардың баяндамаларына көңілі толмайтынын жеткізіп, бірқатар олқылықтың орнын толтыру керектігін ескертті. Сонымен қатар штаб отырысының екінші бөлімі кейінге шегеріліп, баяндамашылардың толыққанды ақпарат дайындауына бір апта уақыт берілді.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар