Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздағы түзеу мекемесінде сотталғандарға психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Тараздағы түзеу мекемесінде сотталғандарға психологиялық тренинг ұйымдастырылды
ҚАЖД
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотты болған азаматтар үшін «Өзгеден табылмайтын өз мінезім» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Бұл шараның негізі мақсаты – сотталғандардың психологиялық жағдайын жақсарту, олардың мінез-құлқындағы жағымсыз тұстарын барынша өзгерту әрі жазасын өтеушілерді алға қойған мақсат-мүдделеріне жетуге талпындыру. 

Тренинг барысында мекеме психологы Айгерім Саурбаева басшылығымен «Менің мінезім», «Мен – мекемеде», «Мен – мектепте» және «Ыстық картоп» жаттығулары орындалды. Өз кезегінде қатысушылар топтағы қағидаға сәйкес, бір-біріне кедергі келтірмей, белсенділік таныту арқылы бірігіп жұмыс істеді. Бұдан бөлек олар өз ойын ашық айтуға талпынып, пайдалы іске ұмтылу мен қай ортада өзін еркін ұстауға машықтанды.

Айта кетейік, аталған түзеу мекемесінің психологтары әрдайым арнайы контингент өкілдеріне қол ұшын созып келеді. Нәтижесінде, жазасын өтеушілер түрлі жағдайларда оң шешім қабылдауға әуестенген.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар