Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сотталған азаматтар аттестат алды

Сотталған азаматтар аттестат алды
Автор
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекеменің кешкі мектебінде білім алып жатқан 11 сотталушыға орта білім туралы аттестат табысталды,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл – сотталған азаматтарға қоғамға қайта бейімделуге, өмірлерін жаңа арнаға бұруға берілген маңызды мүмкіндік. Мекеме жанындағы кешкі мектеп білім беру арқылы тек сауат ашумен шектелмей, тәрбиелік, әлеуметтік бағытта да жұмыс жүргізіп келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет», – деген болатын. Бұл қағида өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға да бірдей қолданылады.

Аттестат алу – жаңа үміт, жаңа өмірге бастар қадам. Ал білім – сол жолдағы сенімді серік.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар