Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Отбасы құндылығы – өмірлік тірек

Отбасы құндылығы – өмірлік тірек
Автор
15 маусым – Әкелер күніне орай «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында отбасы фестивалі өтті.

Алдымен облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Исмайл Хаджымұратов мерейлі мерекемен құттықтап, әке тұлғасының қоғамдағы, отбасындағы алатын орны туралы тағылымды ой өрбітті.

Фестивальге орталықтағы үйірмелерге қатысушы қыздар мен олардың әкелері қатысты. Іс-шара барысында әке мен баланың өзара қарым-қатынасын арттыруға бағытталған психологиялық, танымдық ойындар ұйымдастырылды. Күлкі мен шынайы эмоцияға толы ойындар, шығармашылық тапсырмалар әке мен бала арасындағы сенімді нығайтып, жүректерді жақындатты.

Іс-шара соңында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов және орталық директорының орынбасары Баян Мұртазаева қорытынды сөз сөйлеп, қатысушы әкелер мен қыздарға алғыс айтып, сый-сияпат табыс етті. Ақын жақында жарық көрген үш томдық «Махаббат. Шапағат. Парасат» кітабын сыйға берді.

Осындай мазмұнды, жүрекке жетер іс-шаралар арқылы біз ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасылық байланыстарды бекемдей түсеміз.

Фестиваль барысында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншілері А.Есекеева мен Б.Тұрғанбай әсем әннен шашу шашып, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ,
«Анаға тағзым» отбасын қолдау
орталығының бөлім басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар