
Жарыс еркін пирамида ережес і бойынша ұйымдастырылып, ойыншылар екі жеңіліске дейін бақ сынады.
Тартысты өткен бәсекенің нәтижесінде ардагерлер арасындағы сайыста бірінші орынды журналистика саласының ардагері Бекет Момынқұл жеңіп алды. Екінші орынға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ардагер журналист Асқарбек Сейілхан, үшінші орынға белгілі қаламгер Ғалым Қасабай ие болды. Ал жазушы-драматург Елен Әлімжанға арнайы номинация табысталды.
Жастар арасындағы жарыста «Шу өңірі – Шуская долина» газетінің бас редакторы Ерғали Қартайған топ жарып, 100 мың теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленді. Белгілі спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен мен «Egemen Qazaqstan» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев жүлделі екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Сондай-ақ үздік ойынымен көзге түскен журналист Бекнұр Сатыбалдиев, «AR-AI» газетінің бас дизайнері Ғани Сүгірәлиев және «24kz» телеарнасының бейнеқұрастырушысы Элдар Байділда қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ