
Көлік күшті электрқозғалтқышпен, интерьердің шексіз әрлеу мүмкіндігімен және айрықша ретро-дизайнымен ерекшеленбек.
Сыртқы келбеті әйгілі VW Beetle мен 1930 жылдардағы Duesenberg, Packard, Cadillac көліктерін еске салады. Ұзын капот, дөңес дөңгелек қаптамалары мен дөңгелек LED шамдар винтаж стилін толықтырып тұр.
Салонында да ретро элементтер басым: панельдер мен құрылғылар дөңгелек пішінде жасалғанымен, заманауи цифрлық жүйеге негізделген. Компания үлкен дисплейлерден бас тартып, сән мен ықшамдылықты үйлестіруге тырысқан.
Ең басты ерекшелігі – интерьер конфигурациясын жиі өзгерту мүмкіндігі. 3-тен 7 орынға дейін түрлі нұсқалар ұсынылады. Dacora жылына екі рет жаңа интерьер топтамаларын шығарып, өзін фэшн-брендке ұқсатпақ.
Көлік 800 ат күшін беретін қос мотормен жабдықталады, ал бір қуатпен 650 шақырымға дейін жүре алады. Өндіріс көлемі нақты белгісіз, бірақ алғашқы 1,5 жылға тапсырыстар түскен.