Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында «Ауыл-Club» Art-тимбилдингі өтті

Жамбыл облысында «Ауыл-Club» Art-тимбилдингі өтті
gov.kz
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Майтөбе ауылының баурайында ауылдық клубтар арасында Art-тимбилдинг ерекше көңіл күймен өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Екі күнге жалғасқан іс-шарада әр команда 40 минуттық концерттік бағдарламаларын ұсынып, өз ауданындағы мәдениет үйлерінің тыныс-тіршілігін жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар, интеллектуалдық және шығармашылық тапсырмаларда тапқырлық танытып, түрлі ойындар мен байқауларға белсене қатысты.

Яғни, іс-шара өнер мен бірлікті, рух пен шабытты ұштастырған жарқын оқиғаларға толы болды. Қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби шеберлігі мен топтық үйлесімділігіне назар аударып, үздіктерді анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Талас ауданы жеңіп алды. І орын Байзақ ауданына, ІІ орын Меркі ауданы, ІІІ орын Сарысу ауданына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай арнайы марапаттады. Басқа да ерекше өнер көрсеткен командалар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Осылайша, екі күнге созылған «Ауыл-Club» Art-тимбилдингі ауыл мәдениетінің жаңа тынысын ашып, шығармашыл жандардың басын қосқан игі алаңға айналды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар