Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Суды заңсыз пайдаланған кәсіпорындар ірі айыппұл арқалады

Суды заңсыз пайдаланған кәсіпорындар ірі айыппұл арқалады
istockphoto.com
Ақтөбе облысында бес кәсіпорынның суды заңсыз пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының Ақтөбе бөлімшесі су қорын қорғау және пайдалану талаптарының сақталуына байланысты облыстың бес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында тексеріс жүргізді.

Тексеру нәтижесінде Қобда мен Қарғалы аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы Ақжар-1, Қызылжар, Қарғалы, Жоғарғы Қарғалы, Өрлеу және Сазды тұрғын аудандарында жерасты суларын рұқсатсыз пайдаланған жағдайлар анықталды. Екі кәсіпорында мүлде су бұруға рұқсат болмаған.

– «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы 3-тармағына сәйкес, бес коммуналдық кәсіпорынға айыппұл салынды. Жалпы сомасы – 3,7 млн теңге», – деді Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ерғали Үмбетбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында алты шаруа қожалығы 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдаланғаны анықталған болатын. Сондай-ақ, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы Шардара аудандық прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында 24 тіркелмеген сорғы қондырғысын тапты.

Бұл жағдайлар су ресурстарын заңсыз пайдалану проблемасының әлі де өзекті екенін көрсетеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар