Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандық 1-курс студенті Coursera-да 260 курс аяқтап, чемпион атанды

Қазақстандық 1-курс студенті Coursera-да 260 курс аяқтап, чемпион атанды
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Coursera-да 260 курс аяқтаған қазақстандық студент ЖОО студенттері арасында чемпион атанды, деп хабарлайды arainfo.kz

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Туризм мамандығының 1-курс студенті Роман Степанец Coursera халықаралық білім беру платформасында 260 онлайн курсты сәтті аяқтап, Қазақстан жоғары оқу орындары арасында көш бастады.

Роман басқару, қаржы, психология, бұқаралық ақпарат құралдары және жасанды интеллект бағыттары бойынша әлемнің жетекші университеттері – Йель, Стэнфорд, Мичиган университеті, Уэслиан және басқа да оқу орындарынан 12 мамандандыру бағдарламасын меңгерді. Романның жеке үздік курстар тізімінде Йель университетінің «Қаржы нарықтары» курсы, сондай-ақ Уэслиан және Пенсильвания университеттерінің психология мен жасанды интеллект курстары бар.

«Өзін-өзі дамыту – мен үшін өмір салты. Coursera маған ең үздік оқытушылардан білім алуға мүмкіндік берді, мен бұл мүмкіндікті толық пайдалануға тырыстым», – деді студент.

Роман алған білімін белсенді түрде қолданып жүр: Coursera платформасында басқа студенттерге оқуда қолдау көрсетіп, коммуникация мен цифрлық білім беру саласындағы дағдыларын жетілдіруде. Оқудан тыс уақытта музыкамен, спортпен және кітап оқумен айналысады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар