Жыл сайын 600-ге жуық балаға қатерлі ісік диагнозы қойылады
- author AR-AY
- 12 маусым, 2025
- 122

Оның шамамен 600-і қатерлі ісіктерге (соның ішінде гемобластоздарға), ал 200-ге жуығы ауыр, бірақ қатерсіз гематологиялық патологияларға жатады.
Соңғы 10 жыл ішінде балалар арасындағы қатерлі ісіктерге шалдығу деңгейі тұрақты сақталып келеді және бұл көрсеткіш 100 000 балаға шаққанда орта есеппен 9,7 жағдайды құрайды.
Қатерлі ісіктердің құрылымы халықаралық мәліметтермен ұқсас:
жедел лейкоздар – 30%-дан астам;
орталық жүйке жүйесінің ісіктері – шамамен 17%;
лимфомалар мен нефробластомалар – 10–11%;
нейробластомалар – шамамен 7%.
Иммунотерапия мен таргеттік терапия сияқты заманауи емдеу әдістерін қолданудың нәтижесінде Қазақстанда балалар арасындағы қатерлі ісіктерден аман қалу көрсеткіші 70%-дан асты.
Соңғы 5 жыл ішінде 40-тан астам бала нейробластома, лимфома және лейкоз секілді диагноздар бойынша моноклоналды антиденелерге негізделген инновациялық дәрілік препараттармен ем қабылдады.
Ұқсас жаңалықтар
«Титаниктің» әнін жазған композитор Қазақстанға алғаш рет келді
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025
Жаңа жылдық безендірусіз кеткен 8,4 млн теңге: әкім ескерту алды
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025