Форумның екінші күні Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының 2-кезеңін іске асыру бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналған Конференциядан басталды. Шараны «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Исламбек Дастанұлы жүргізіп отырды.
Конференцияны облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ашып, аталған шараның маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова арнайы қатысты. Мұнымен қатар Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиева, PhD, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры Қайыржан Әбдіхалықов жиында сөз алып, аталған құжаттың мән-маңызын елеп-екшеп, көпшілікпен талқы жүргізді.
Екі күнге созылған форумның қоырытынды кезеңінде облыстың әлеуметтік-экомикалық дамуына үлес қосқан азаматтық қоғам өкілдері облыс әкімінің және Қазақстан Азаматтық Альянсының Құрмет және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Серіжан ТЕМІРБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
университетінің 3-курс студенті
Ұқсас жаңалықтар
Таразда U15 және U23 санаттары арасында Қазақстан чемпионаты басталды
- авторAR-AY
- 9 наурыз, 2026
Таразда референдум қарсаңында спорт пен өнер тоғысқан мерекелік шара өтті
- авторAR-AY
- 7 наурыз, 2026




