
Белгілі ғалым Махмұд Қашқари «Тәрбие ана тілінен басталуы керек» деді. Кез-келген тәрбие отбасынан басталады және отбасында патриоттық сезім қалыптасады. Қазақ халқы бала кезінен "Отан" ұғымын тәрбиелеп, оны отан, туған жер, ана тілі ұғымдарымен байланыстыруға тырысты.
Тілсіз ұлт болмайды. Ана тілін сақтау мен құрметтеу отан рухын оятады. Бұл біздің ата-бабаларымызға деген үлкен міндетіміз. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны қолдану аясын кеңейту мектептен басталуы тиіс. Білім тілді меңгеруден басталады.
Елімізде мемлекеттік тілге көшу қарқыны күн сайын жақсарып келеді. Барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер мемлекеттік тілді дамыту мен қолдануды жүзеге асыру үшін түрлі іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар, газеттер мен журналдарда, теледидарда әртүрлі бағдарламаларда мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы айтылады. Мұндай үгіт-насихат жұмыстары мемлекеттік тілдің дамуына оң әсер етеді.
Қазақ тілі - біздің ата-бабаларымыздың тілі, олардың болашақ ұрпақ үшін ең құнды өсиеті.
Жазира Біржанқызы,
Жамбыл облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің
бас маман - сот отырысының хатшысы