Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі
ortcom.kz
Құқықтық мемлекет құрылымында сот жүйесі тәуелсіз, әділ және азаматтардың құқықтарын қорғаушы орган болып табылады. Қазақстан Конституциясында бұл принцип айқын жазылған. Мысалы, 75-бапта судьялардың тәуелсіздігі, оларды ешкімнің ықпалына, қысымына алдырмау керектігі атап көрсетілген.

 

Сонымен қатар судьялар тек қана заң алдында жауапты екенін және өз міндеттерін тек Конституция мен заңдар негізінде атқаратынын айқындайды.

Қазақстан Конституциясы сот жүйесіне қатысты маңызды тұжырымдар келтірген. Олардың қатарында соттардың тәуелсіздігі, олардың шешімдерінің заңды күшінің жоғарылығы, судьялардың әділдігін қамтамасыз ететін тетіктердің болуы маңызды орын алады. Бұл ережелер азаматтардың құқықтарын қорғаудағы сенімді әрі әділ жүйенің қалыптасуына жол ашты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі болып табылады. Оның сот жүйесіне қатысты ережелері ел азаматтарының құқықтарының қорғалуы үшін маңызды рөл атқарды. Конституцияның 30 жылдығы – бұл тек тарихи кезең ғана емес, сонымен қатар құқықтық жүйені жетілдірудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Конституцияның негізінде құрылған сот жүйесі еліміздегі құқықтық мемлекеттің басты тірегі болып қала бермек.

Р.Ясарова,

Жамбыл облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар