Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 20 маусымда басталады

Қазақстанда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 20 маусымда басталады
Автор
Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арналған күнтізбені ұсынды, деп хабалдайды arainfo.kz

Министрлік өкілдері негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтетінін еске салды.

Бұдан бөлек, министрліктің хабарлауынша,

  • ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым – 25 тамыз;
  • "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым – 20 тамыз аралығында  (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
  • Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым – 10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
  • Шығармашылық емтихандар 7 шілде – 15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
  • Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде – 20 шілде аралығында қабылданады;

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Министрлік талапкерлерге маңызды күндерді ұмытпай, құжаттарды уақтылы тапсыруды ескертеді. Қосымша мәліметтерді жоғары оқу орындарының ресми парақшаларынан алуға болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар