Өйткені, сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылған жазасын өтеушілерді қоғамға бейімдеуде мәдени және спорттық іс-шаралардың алар орны ерекше. Мәселен, жуырда арнайы контингент өкілдері мекеме аумағында ұйымдастырылған кіші футболдан өткен додаға ерекше ықылас танытты. Бұл күні екі командаға бөлініп, жасыл алаңда жеңіске жету жолында алдарына жан салмады. Ал сайыс қорытындысында жеңімпаз құрама мекеме әкімшілігі тарапынан марапатқа ие болды.
– Мәдени-спорттық шаралар сотталғандардың түзеу жолына түсуіне оң септігін тигізері анық. Жазасын өтеушілер арасында моральдық-психологиялық климатты қалыптастыруға бағытталған мұндай іс-шаралар мекеме аумағында кешенді түрде ұйымдастырылуда, – делінген мекеме әкімшілігі таратқан ақпаратта.




