Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда Neo Nomad визалық режимі енгізілді

Қазақстанда Neo Nomad визалық режимі енгізілді
gov.kz
Енді заманауи көшпенділер елімізде бір жылға дейін тұрып, шетелдік компаниялардағы жұмысын жалғастыра алады,деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде өткен жылы іске қосылған Neo Nomad Visa бағдарламасы – пандемиядан кейін осындай бастамаларды сәтті енгізген 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жасалған жоба. Бүгінде әлемде заманауи көшпенділердің (digital nomads) саны 35 миллионнан асып, бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.

Neo Nomad Visa алудың негізгі талаптары:

  • Қазақстан аумағынан тыс жерде қашықтан жұмыс істеу;
  • Ай сайынғы ең төменгі табыс – 3 000 АҚШ долларынан жоғары;
  • Медициналық сақтандырудың болуы;
  • Соттылығы жоқтығы туралы анықтама.

Neo Nomad визасын алған алғашқы шетелдіктердің бірі – еуропалық азамат Жорж Роза Филью. Ол Астанада алты ай тұрып, Қазақстанның түрлі өңірлерін турист ретінде аралап көруді жоспарлап отыр.

«Қазақстан халқының қонақжайлығы, қауіпсіздік және тұрақты даму – менің бұл елді таңдауыма негізгі себеп болды. Мұнда үнемі қозғалыс, даму, жаңашылдыққа деген ұмтылыс байқалады. Мен осы өзгерістердің бір бөлігі болғым келеді», – дейді Жорж.

Сондай-ақ ол виза рәсімдеу процесінің қарапайымдылығын және Лиссабондағы Қазақстан консулдығындағы қызмет сапасының жоғары екенін ерекше атап өтті. Виза рәсімдеу мерзімі – 5 жұмыс күнінен аспайды.

Бағдарлама экономикалық тұрғыдан да тиімді: егер 500 адам осы визаны алса, Қазақстан бюджетіне шамамен 3,6 миллиард теңге табыс түседі. Neo Nomad визасын иеленген шетелдік азаматтар елімізде тұрып, қаражатын осында жұмсайды, бірақ жергілікті еңбек нарығына әсер етпейді.

Қазіргі таңда бұл визаны Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Польша, Оңтүстік Корея, БАӘ және Таиланд азаматтары рәсімдеп үлгерген.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар