Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Төрт айда 345 медаль: Қазақстан спортшылары қауымының 2025 жылғы жетістіктері

Төрт айда 345 медаль: Қазақстан спортшылары қауымының 2025 жылғы жетістіктері
Туризм және спорт министрлігі
2025 жылдың басынан бері Қазақстан құрамасы олимпиадалық, паралимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді,деп хабарлайды arainfo.kz

Төрт ай ішінде ел қоржынына 392 медаль түсті:
160 алтын, 124 күміс, 108 қола.

Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт

Қаңтар-сәуір айларында пара және сурдо спортшылар 68 медаль еншіледі - 30 алтын, 19 күміс, 19 қола.

Бұл тізімде Қазақстан тарихында тұңғыш рет пара биатлонынан әлем кубогының қорытындысы бойынша хрусталь глобустың иегері атанған Ербол Хамитовтың жеңісін ерекше атап өткен жөн.

Олимпиадалық спорт түрлері

Олимпиадалық спорт түрлерінің өкілдері ел қоржынын 227 медальмен толықтырды, оның ішінде:

— 189 медаль жазғы спорт түрлері бойынша (62 алтын, 66 күміс, 62 қола)

— 38 медаль қысқы спорт түрлері бойынша (8 алтын, 17 күміс, 13 қола)

Басты оқиғалардың бірі — Сербияда өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Бұл сында Назым Қызайбай Қазақстан боксының тарихында бірегей жетістікке қол жеткізіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ маңызды жетістіктердің тағы бірі – Михаил Шайдоровтың Бостонда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қол жеткізген күміс медалі. Бұл жетістік арқылы Қазақстан Милан-2026 Олимпиадасына жолдама еншіледі.

Конькиші Евгений Кошкин екі мәрте Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанып, 100 метр қашықтықта бейресми әлемдік рекорд орнатты.

Олимпиадалық емес спорт түрлері

Бұл бағыт бойынша қазақстандық спортшыларлың қоржынында 50 медаль бар — 31 алтын, 14 күміс, 5 қола.

Ұлттық спорт түрлері

Қазақстан құрмасы тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде Әлем және Азия чемпионаттарында 47 (29 алтын,8 күміс, 9 қола) медаль еншіледі:

  • Қазақ күресі: 20  медаль — 16 алтын, 2 күміс, 2 қола
  • Жамбы ату: 5 медаль — 1 алтын,  2 күміс, 2 қола
  • Дәстүрлі садақ ату: 12 медаль — 3 алтын, 3 күміс, 6 қола
  • Теңге ілу: 4 медаль — 3 алтын, 1 күміс
  • Аударыспақ: 6 алтын - барлық санат бойынша алтын жүлде.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар