Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот үкімі шықты

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот үкімі шықты
ҚР Жоғарғы Соты
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ш.Полатты өлтіру, Н.Гаипбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және жасалған қылмыс туралы хабарламау айыптары бойынша 9 адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды arainfo.kz

Сот барлық дәлелдемелерді жан-жақты зерделей келе, айыпталушыларды тағылған айыптардың барлық бабы бойынша кінәлі деп танып, төмендегідей үкім шығарды:

  • Абзал Шынасыл — екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс жасағаны үшін:ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру),24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу),293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша 23 жыл бас бостандығынан айырылды.
  • Равиль Сакиев — бір аса ауыр және бір ауыр қылмыс жасағаны үшін:ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу),293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
  • Азамат Тоқтаубаев — ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) және 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша кінәлі деп танылды. Бұрын жасаған ауыр қылмысы мен өтелмеген жазасы ескеріліп, оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
  • Нұрқияс Ильясов — ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша, бұрынғы соттылығы мен өтелмеген жазасы ескеріле отырып, 9 жыл бас бостандығынан айырылды.
  • Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белгожаев және Дидар Қалиахмет — ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
  • Кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа — ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Сонымен қатар келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 млн. теңге, Сакиевтен – 30 млн. теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн. теңге өндірілді. Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

Бұдан басқа, сот прокурордың атына жекеше қаулы шығарды, яғни куәлар Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенова, Ю. Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назар аудартылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар