Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келген туристер саны артты

Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келген туристер саны артты
istockphoto.com
2024 жылы Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келген туристер саны 40 180 адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға өсті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгеймен тең.

Туристердің елімізде түнеген көрсеткіші де өсім көрсетті: қонақүйлерде 26 861 кореялық турист тоқтаған, бұл – 12%-дық өсім. Бұл жетістік визасыз режим, тікелей рейстер санының артуы және Қазақстан туризміне бағытталған белсенді ілгерілету жұмыстарының нәтижесі саналады.

Сеул қаласында өткен B2B форматындағы кездесулер барысында қазақстандық туроператорлар Кореяның 60-тан астам туризм саласындағы компанияларымен келіссөздер жүргізді. Іс-шараға Kazakh Tourism, Almaty Tourism Bureau, Air Astana, SCAT және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты белсене қатысты. Шара Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен өтті.

Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов атап өтті:

«2024 жылы Қазақстан экономикасы 5,1%-ға өсті. Шетелдік инвестициялар көлемі рекордтық деңгейге жетті. Ел басшылығының қолдауының арқасында туризм, соның ішінде MICE-сектор айтарлықтай дамып келеді. 2025 жылы Астанада өткен халықаралық форум – осының айқын дәлелі. Форум қонақтарының қатарында БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун да болды», – деді ол.

Шара аясында Air Astana, SCAT және Eastar Jet авиакомпаниялары әуе рейстеріне арналған билет ұтыс ойындарын өткізсе, B2B кездесу серіктестері арнайы демеушілік сертификаттар ұсынды.

Бұдан бөлек, Алматы туризм басқармасы Сеулде өтетін SITF халықаралық көрмесіне қатысуды ұйымдастыруда. Ал биылғы сәуір айында Kazakh Tourism пен Air Astana Кореяның 9 ірі туроператорына арналған ақпараттық тур өткізген болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар