Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды

Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды
Оқу-ағарту министрлігі
Ақтаулық 6-сынып оқушысы Самир Валерий оқу жылдамдығы бойынша ерекше нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды arainfo.kz

Ол қазіргі таңда минутына 16–17 мың сөз оқи алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім — 100 новых лиц» айдары аясында хабарлады.

Екі жыл бұрын Самир минутына 90 сөзден артық оқи алмаған. Алайда жүйелі дайындық пен ұстазының қолдауының арқасында ол оқу қабілетін еселеп арттырған. Жоғары оқу жылдамдығы оған барлық пәндерде жақсы нәтижелерге жетуге септігін тигізіп отыр.

Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдау Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және тек гуманитарлық пәндерде ғана емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектесуде. Ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері, ал 2023 жылы мектебінде «Жыл оқушысы» атағына ие болды.

Самир сыныптастары арасында ұйымшыл, мақсаткер және жауапты оқушы ретінде танымал. Ол мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшылық қабілетін және өсуге деген ұмтылысын көрсетіп жүр. Оның айтуынша, болашақта ел игілігі үшін қызмет етіп, білім, өнер және спорт салаларында өзін танытқысы келеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар