Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Астана 2026 жылғы Болашақ ойындарының ресми астанасы болып жарияланды

Астана 2026 жылғы Болашақ ойындарының ресми астанасы болып жарияланды
Ақорда
Астана қаласы 2026 жылы өтетін Болашақ Ойындарының ресми астанасы ретінде жарияланды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан 2026 жылғы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған еді.

Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі.

«Болашақтың ойындарын» Қазақстанда өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу салтанатында ұсынған еді. Келесі жылғы турнир БАӘ-де, ал 2026 жылы Астанада өтетін болып бекітілді.

Қазақстанда турнирді ұйымдастыру және өткізу бойынша ресми оператор – «Казспортинвест» АҚ басшысы Әлібек Хасеновтың айтуынша, жарысқа 100-ден астам елден қатысушылар келеді деп күтілуде.

«Әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлерді қарсы алуға дайынбыз. Турнир жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз, өйткені Қазақстан халықаралық іс-шараларды өткізу тәжірибесіне ие», – деді Хасенов.

Бұған дейін Phygital International өкілдері турнирді Қазақстанда өткізу мүмкіндігін бағалау үшін Астанаға келген еді. Қазақстан киберспорт федерациясы 2026 жылы Астанада өтетін «Болашақтың ойындарына» дайындықты бастады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар