Сотталған азаматтарға терроризм жайлы бейнефильм көрсетілді
- author AR-AY
- 4 маусым, 2025
- 51

Мекеменің жедел бөлімі теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу тобының инспекторларының ұйымдастыруымен жазасын өтеушілерге терроризмнің зардаптары мен идеологиялық қауіптері жайлы бейнефильм көрсетілді.
Шараның басты мақсаты – жазасын өтеушілердің діни сауаттылығын арттыру, оларды радикалды көзқарастардан сақтандыру және экстремистік идеологияның алдын алу. Көрсетілім барысында дін атын жамылған теріс ағымдардың қоғамға тигізетін зияны, терроризмнің адамдар өміріне әкелетін қайғы-қасіреті нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Бейнефильм көрсетілімі аяқталғаннан кейін жазасын өтеушілер мен мекеме қызметкерлері арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Шараға қатысушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары теріс діни ағымдардың жетегіне түсудің алдын алуға септігін тигізеді.
Айта кету керек, №58 мекемесінде теологиялық оңалту бағытындағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл – сотталған азаматтардың қайта әлеуметтенуіне, дұрыс рухани бағдар алуына ықпал ететін маңызды қадамдардың бірі.