
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ХХ «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің жүлдегерлерін қабылдады.
Фестивальдің Гран-при жеңімпазы, Байзақ ауданы, Абай орта мектебінің 6-сынып оқушысы Інжу Тілеужан мен аталған байқаудың үшінші орын иегері, Тараз қаласындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Ерасыл Ермекбай арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Сондай-ақ, Інжудің анасы Гүлназ Жұмасаева мен жетекшісі Роза Саржанова, Ерасылдың анасы Гүлнұр Құлтуреева мен жетекшісі Қарлығаш Төреқұлова облыс әкімінің орынбасары атынан алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.
Серік Жақсылықұлы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олардың шығармашылық табыстары – өскелең ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын мақтаныш екенін атап өтті.
Айжан ӨЗБЕКОВА
Келесі мақала