Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мүгедектікті белгілеу бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады

Мүгедектікті белгілеу бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 43,7 мың өтінім қаралды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бүгінде мүгедектікті сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.

2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды. Бұл — мүгедектігі бар адамдардың жалпы куәландырылған санының 37,4%-ын құрайды.

Еске сала кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, қағазбастылық пен инстанциялар бойынша артық жүруді болдырмауды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші мен қызмет алушы арасындағы тікелей байланысты жоюды тапсырған болатын.

Осы тапсырманы орындау аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, еліміздің барлық 20 өңірінде медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) сырттай форматта жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда.

Мүгедектік тобын белгілеу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті медициналық тексеруден өтеді. Қалған барлық үдеріс ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы өтініш иесінің қатысуынсыз жүзеге асады.

Сырттай куәландырудың артықшылықтары:

  • әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
  • сараптамалық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді;
  • мүгедектікті анықтау және әлеуметтік қорғау шараларына қол жеткізу қызметтерін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
  • қызмет алушы мен қызмет беруші арасындағы тікелей байланысты болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар