Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жыл басынан бері халық саны 69,8 мың адамға өскен

Жыл басынан бері халық саны 69,8 мың адамға өскен
gov.kz
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құрады, деп хабарлайды arainfo.kz

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құрады. Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 69,8 мың адам болды. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 63,4 мың адамға, көші-қон есебінен – 6,3 мың адамға.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны елордада байқалды. Астана халқының саны көші-қон ағындары есебінен артып келеді. Мәселен, елорда тұрғындарының саны жыл басынан бері 29,7 мың адамға өсті, оның 78,3%-ы көші-қон есебінен.

Айта кетейік, жыл басынан бері көші-қонның оң сальдосы 5 өңірде – Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда – Астана, Алматы және Шымкентте байқалды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар