Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік фестиваль өтті

Таразда «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік фестиваль өтті
Автор
Тараз қаласы Т.Рысқұлов атындағы саябақта 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 750 бүлдіршіннің қатысуымен кең ауқымды «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік фестиваль өтті.

Іс-шараға шаhар басшысы Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, жасөспірімдердің қолөнер және сурет туындылары қойылған көрмені аралап, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Түрлі-түсті шарлармен, көркемдегіш құралдармен безендірілген ерекше эстетикаға толы саябақтың атмосферасы балаларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Балақайлар құдды бір ертегілер әлеміне тап болғандай күй кешкендерін айтады.

Фестиваль шарасында  «Балалық шақтың сиқырлы картасы» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Онда бүлдіршіндер ортаға бар өнерлерін салып, ән шырқап, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар іс-шарада ұлттық ойындар, мақал-мәтел жарысы мен жұмбақ шешу секілді интеллектуалды ойындай ұйымдастырылып, жасөспірімдер белсене қатысты.

Бұған қоса, кішкентайлар сүйікті «Питер Пэн» ертегі кейіпкерлерімен қиял ғажайыпқа толы сапар шекті. Шара соңына қарай барлық бүлдіршіндерге тәттілер мен естелік сыйлықтар үлестірілді.

Мерекелік іс-шара балаларға шаттық пен рухани шабыт сыйлап, олардың шығармашылық қабілетін ашуға және ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға арналды. Ауқымды мерекелік фестивальдің сәтті өтуіне Тараз қаласы әкімдігі мен мәдениет саласындағы мекемелер өзара бірлесе үйлестірілген жұмыстар жүргізудің нәтижесінде шара мазмұнды да мәнді деңгейде өтті.

Мадина МАДИЕВА,

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар