Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Кибер Тұмар» көп қауіптен қорғайды

«Кибер Тұмар» көп қауіптен қорғайды
Автор
Бүгінде елімізде балаларды цифрлық ортада қорғауға бағытталған «Кибер Тұмар» ақпараттық білім беру жобасы іске асып жатыр. Бастама өскелең ұрпақты интернетті қауіпсіз пайдалану мен ықтимал тәуекелдерді басқаруға үндейді.

«Кибер Тұмар» түрлі қауіп-қатерлер кезінде әрекет етудің базалық алгоритмдері көрсетілген әлеуметтік плакаттар, сарапшылардың кеңестері, білім беру роликтерінен тұратын ақпараттық құралдар кешенін қамтиды. Науқан кибербуллинг, жағымсыз және тыйым салынған контенттер, қауіпсіздік пен құпиялылықтың цифрлық тәуекелдері, интернетке тәуелділік, онлайн қауіп-қатерлердің алдын алуға шақырады.

Жоба аясында облысымызда да бірқатар тәрбиелік және ағартушылық іс-шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жоспар аясында облыс әкімдігі цифрландыру және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы №49 мектеп-гимназияда «Кибер Тұмар» атты тақырыптық сессия өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға цифрлық технологиялардың маңызын түсіндіру, олардың ІТ саласына қызығушылығын ояту, сонымен қатар киберқауіпсіздік негіздерімен таныстыру арқылы сандық ортадағы қорғаныс деңгейін арттыру.

Сессия барысында Тараз қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры филиалының өңірлік директоры Нұржан Сағындық сөз сөйлеп, ІТ саласындағы заманауи үрдістерге тоқталды. Ол цифрлық мамандықтар, олардың келешегі, жасанды интеллект, деректерді қорғау және интернет қауіпсіздігі жөнінде түсінікті әрі нақты ақпараттар ұсынды. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға да жауап беріп, нақты мысалдар келтірді.

Басқосуға «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ерғали Әбуғали және облыс әкімдігі цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Шалқар Амантұров арнайы қатысты.

Сондай-ақ іс-шара аясында оқушыларға «Ата-ана бақылауы: құралдар мен кеңестер» тақырыбында ақпараттық жадынамалар таратылып, киберқауіпсіздік бойынша танымдық ойындар мен шағын тренингтер ұйымдастырылды.

 

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Бекет Момынқұл биігі
Алдыңғы мақала
Бекет Момынқұл биігі

Ұқсас жаңалықтар