Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қордай ауданында 48 отбасы баспаналы болды

Қордай ауданында 48 отбасы баспаналы болды
Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысы Қордай ауданында 48 отбасыға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қордай ауданының «Шығыс» шағынауданында салтанатты түрде жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды. Шараға аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысып, қоныс той иелерін құттықтады.

– Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі. Бүгін пайдалануға беріліп отырған тұрғын үйлер – Мемлекет басшысының әлеуметтік бағыттағы саясатының ауданымызда нақты жүзеге асып жатқан айқын дәлелі. Бұл – елдің қамын ойлаған бірліктің, тұрақтылықтың жемісі деп білемін. Жаңа қоныс баршаңызға құтты болсын! – деді аудан әкімі.

Жаңа баспаналар – екі бөлмелі, ішінде жатын, қонақ бөлмелері, ас үй мен санитарлық торап қарастырылған. Шағынауданда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін тағы 96 отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда.

Жаңа қоныс иелерінің бірі Карина Қасымбекова қуанышын жасырмады:

– Мен үшін бүгін қуанышқа толы күн. Көптен күткен сәтке де жеттім, – деді шарада сөз алған Карина Қасымбекова. – Ата-ана қамқорлығынсыз қалғаннан бері өз үйім болса екен деген арманым болған. Сол тілегім бүгін орындалып отыр. 

Салтанатты жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет те сөз алып, жаңа қоныс иелеріне құттықтау тілегін жеткізді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар