Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында 25,5 млн теңге бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды

Жамбыл облысында 25,5 млн теңге бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды
istockphoto.com
Жамбыл облысының прокуратура органдары бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануға ерекше назар аударады, деп хабарлайды arainfo.kz

Облыс прокуратурасы техникалық және кәсіптік білім беру саласына бөлінген қаражаттың заңсыз жұмсалуын әшкереледі.

Атап айтқанда облыс прокуратурасы техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлауға арналған 25,5 млн теңге қаражат жымқыру фактісін анықтады.

Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының «Түзету мекемесі жанындағы №15 колледж» басшылығы оқуға іс жүзінде қатыспаған сотталғандарға білім бергені үшін 3 жыл көлемінде қаржыландыруды заңсыз алғаны белгілі болды.

Тергеу жүргізу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар