Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда сотталғандарға психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Таразда сотталғандарға психологиялық тренинг ұйымдастырылды
ҚАЖД
Таразда өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер үшін «Тәуелділік жайлы жалпы ұғым және алдын алу» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Тренинг барысында мекеме психологы Айгерім Саурбаева және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магитстрі Раушан Байбосынова сотты болғандарға тақырып аясында бейнероликтер көрсетіп, қуыршақ-терапия әдісін жүргізді. Сондай-ақ, бұл күні арнайы контингент өкілдеріне өздерін мазалаған сұрақтарға толыққанды жауап алуларына мүмкіндік берілді. 

– Жалпы, сотталғандардың мамандар тарапынан психологиялық көмек алуға құқығы бар. Мекемеде жазасын өтеушілердің қатысуымен түрлі психологиялық бағыттағы шаралар жиі өткізіліп тұрады. Бұл – сотты болғандардың түзелу жолына түсуіне оң ықпал етеді деп сенеміз, – дейді Айгерим Ғалымжанқызы.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар