Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Павлодарлық студент Google компаниясынан шақырту алды

Павлодарлық студент Google компаниясынан шақырту алды
Оқу-ағарту министрлігі
Павлодар қаласындағы IT-колледждің студенті Даниил Барт Google компаниясынан Берлин қаласында өтетін халықаралық Google I/O - 2025 конференциясына қатысу үшін арнайы шақырту алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл ауқымды шара Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Африка елдерінің үздік мамандарын біріктіреді. Айта кетерлігі, Даниил – әлем бойынша техникалық құзыреттілікті растаудың қатаң талаптарынан сүрінбей өткен санаулы студенттердің бірі.

— «Конференция және одан кейінгі тағылымдама жасанды интеллект, Android, бұлтты платформалар мен веб-технологиялар саласындағы терең білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Осындай деңгейдегі шараға елімнің атынан қатысатыныма қуаныштымын», — дейді Даниил Барт.

Халықаралық деңгейдегі бұл серіктестік 2023 жылы, колледждің 1-курсында басталған. Даниил Қазақстанда Google ұйымдастырған техникалық іс-шаралар мен байқауларды өткізетін команда құрамына кірді. Қазіргі таңда ол Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің 3-курс студенті.

Бағдарламалауға деген қызығушылығы мектеп кезінен басталған. Колледж қабырғасында түрлі байқаулар мен хакатондарға белсенді қатысып, елеулі жетістіктерге жетті. 2023 жылы WorldSkills Kazakhstan байқауында алтын медаль жеңіп алды, ал 2024 жылы Иранда өткен халықаралық турнирде үздік ондықтың қатарына енді.

Сонымен қатар, Даниил — «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаты әрі Google қауымдастығы аясында жүзеге асырылған бірқатар жобалардың авторы.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар