Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты
olympic.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2025 жылғы Франция ашық чемпионаты – "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында сенімді жеңіске қол жеткізді. Ол америкалық теннисші Ива Йовичті (WTA рейтингінде 129-орын) екі сетте — 6:3, 6:3 есебімен ұтып шықты.

Бұл жеңістің арқасында Рыбакина 168 000 еуро көлеміндегі сыйақы мен 130 рейтингтік ұпайға ие болды.

Енді қазақстандық спортшы үшінші айналымда латвиялық Елена Остапенкомен (21-орын) кортқа шығады. Өз кезегінде Остапенко екінші айналымда америкалық Кэролайн Доулхайдты (67-орын) 5:7, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп өткен болатын.

Айта кетейік, "Ролан Гаррос" турнирі 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Парижде өтуде. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 56 352 000 еуро. Жекелей сында чемпион атанған спортшы 2 550 000 еуро мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Турнирдің қазіргі чемпионы – польшалық Ига Швёнтек.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар