Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
pixabay.com
Ұлттық банктің 29 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512, 66 теңге,деп хабарлайды arainfo.kz

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары 511,8 теңгеден сатып алынып, 513,8 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы — 577 теңге, сату бағамы — 581 теңге.

Астана қаласында доллар 509 теңгеден сатып алынып, 515 теңгеден сатылуда. Еуро бұл қалада 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.

Ресей рублінің бағамы 6,30–6,49 теңге аралығында құбылып тұр. Ал рубльдің орташа сараланған бағасы — 6,45 теңге. Еуроның орташа бағасы — 580,59 теңге.

28 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар 0,52 теңгеге қымбаттап, орташа бағамы 512,66 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұған дейін базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар