Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жастарды жақсылыққа жетелейік

Жастарды жақсылыққа жетелейік
Автор
Халық арасында «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» дейді. Қазіргі таңда діннің қасиетімен бірге, қасіретіне де куә болдық.

Теріс ағым өкілдері өздерінің үгіт жұмыстарын діннен хабары жоқ, діни білімі төмен азаматтардан бастайтыны сөзсіз. Олар діни шешендіктің ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың дәстүрлі діни түсінігіне теріс ықпалын тигізуде. Көп жағдайда осы идеологиялық ықпалға оп-оңай бой алдыртатын жастар теріс пиғылды діни насихаттың қызметі үшін ыңғайлы нысанға айналып отыр.

Зерттеу нәтижесінде, діни ағымдардың қатарында жастардың көрсеткіші жоғары. Негізінде әрбір ағым өкілі жастарымызды өздерінің ықпалына қарай саяси мақсатта қолдануға тырысады. Кез келген жасөспірім жаңашылдыққа бейім болып келеді. Жаңа құбылысты үйренуге, оның қыр-сырын игеруге немесе оны білуге құштарлық танытады. Сонымен қатар, әрдайым ғаламторда ақпарат алаңының алдында отыратын да – жастар. Өзіне керекті мәліметтер іздеу барысында осы діни ағым өкілдерімен кездейсоқ танысатын да жастарымыз.

Жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауында кетуінің бірнеше себебін атап көрсетуге болады. Алайда, жаңа заманның жетістігі саналатын ғаламтор да бір жағынан өз зиянын тигізіп жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, деструктивті діни ағымдардың өкілдері ғаламторда ислам құндылықтарына қатысты атаулармен, атымен заты сәйкес келмейтін сайттар арқылы күмәнді уағыздарын айтуда. Көп уақытын компьютер алдында өткізетін жастардың санасын шатастыруға тырысып бағуда.

Жалпы ғаламторды толық бақылау қиын іс. Тек мемлекет тарапынан қатаң бақылау жүргізіліп, түрлі сайттардағы мәліметтер сұрыпталып отыруы керек.

Жастарымызды теріс діни идеологиядан сақтандыру жолдарының бірі – діни білімді арттырумен қатар, отбасы институтын жетілдіру. Жастарымыз дәстүрлі емес ағымдардың арасында адасып жүрсе, елдің болашағы не болмақ? Және сол ағымдарда жүрген жастарымыздан және олардың ұрпақтарынан қандай азамат шығатындығы айтпаса да түсінікті. Сондықтан,бұл олқылықтың алдын алу үшін ең біріншіден әр ата-ана өзін, одан кейін баласын жастайынан жетілдіріп, дұрыс адами қасиеттерді бойына сіңдіре білу қажет. Бала кезден дұрыс рухани тәлім-тәрбие ала білген жасөспірім, болашақта отансүйгіш, елжанды азамат болары сөзсіз.

Дін – біле-білгенге рухани азық. Осы қасиетті де рухани азықты қадірлей білейік, халайық!

 

Мақсат МЫРЗАҒАРАЕВ,

теолог, облыс әкімдігі дін проблемаларын

зерттеу орталығының Сарысу ауданы бойынша инспекторы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар