
Құжатқа қол қою рәсімі кезінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ЮНИСЕФ климаттың өзгеруі жағдайында балалардың құқығын қорғау бағытында негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтті.
– Министрлік әріптестікті кеңейтуге ашық және ЮНИСЕФ-пен бірге балалар мен тұрақты болашаққа бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға дайын, – деді министр.
Ал ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша аймақтық директоры Реджина Де Доминичис өз сөзінде: «Декларацияға қол қою арқылы Қазақстан болашақ ұрпақ үшін таза, денсаулыққа қолайлы және тұрақты қоршаған ортаны қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдау кезінде балалар мен жастардың пікірін ескеруге міндеттеме алды. Біз бұл маңызды қадамды жоғары бағалаймыз және осы міндеттемелерді балалар үшін нақты нәтижелерге айналдыру бағытында Үкіметпен серіктестігімізді нығайтамыз деп сенеміз», деді.
Декларация ұлттық және жаһандық деңгейде балалар мен жастарды қамтитын инклюзивті климаттық саясатты жеделдетуге бағытталған алғашқы халықарылық бастама. Декларацияның бірлескен сақтаушыларының бірі ретінде ЮНИСЕФ Қазақстан секілді елдермен бірлесе отырып, оның ережелерін ілгерілетіп, жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.
«AR-AI»-ақпарат