Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жазушы мұрасы ұлықталды

Жазушы мұрасы ұлықталды
www.gov.kz
Жуырда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11-сынып оқушыларының арасында IX республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаның шығармаларын насихаттау, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.

Салтанатты ашылу рәсіміне университет ректоры Махметқали Сарыбеков пен облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова қатысып, жас өрендерге сәттілік тіледі.

Республикалық байқауға еліміздің әр аймағынан 50-ге жуық үміткер қатысып, 3 номинация бойынша бақ сынады.

«Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір» номинациясы бойынша оқушылар жазушының шығармалары негізінде (драмалары – «Ноқтаға басы сыймаған», «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жалғыз үйлік зілзала», «Домалақ ана») берілген теориялық сұрақтар мен үзінділерге әдеби, тілдік талдау жұмыстарын орындады.

Ал «Зау тұлға» номинациясы бойынша оқушылардың өз шығармалары (Шерхан Мұртаза туралы жазған арнау өлеңдері) бағаланды.

«Шерхан Мұртаза мұрасы» (ғылыми жоба) номинациясында оқушылардың зерттеу жұмыстарында Шерхан Мұртазаның прозалық, публицистикалық дүниелері, драмалық шығармалары, философиялық тұжырымдары, патриоттық рухта жазылған, ана тіл, ұлттық тарих, ұлттық құндылықтар, ұлт болашағы мәселесіне байланысты (оқушының таңдауы бойынша) тұжырымдары терең талданып, өзіндік пікірлер мен жаңалықтар көрініс табуы қажет.

Республикалық байқаудың нәтижесі бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І дәрежелі дипломын – 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын – 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын 10 оқушы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жүлдегерлер мен қатысушыларға Шерхан Мұртазаның көркем әдеби кітаптары табысталды.

Шығармашылық додада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті ректорының грантын Алматы қаласындағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Ғұмырзақ Бекасыл иеленді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар