
Мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері өзге де әріптестерімен бірлесе отырып, 50, 47 және 24 жастағы азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуге көмектесті. Аталған тұлғалар түрлі себептерге байланысты осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы азаматы екенін растайтын құжатсыз жүрген.
Қазіргі таңда бұл мәселе түбегейлі шешіліп, азаматтар қажетті төлқұжаттарына қол жеткізді.
Құқық қорғау қызметкерлері тарапынан Қазастан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында кешенді іс-шараларды жалғастыруда. Бұл жұмыстары сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне және құқықтық мәртебесін заңдастыруына мүмкіндік береді.