Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жыл басынан бері 190-ға жуық мал ұрысы ұсталды

Жыл басынан бері 190-ға жуық мал ұрысы ұсталды
polisia.kz
Polisia.kz мәлімдеуінше,соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 64%-ға азайды, деп хабарлайды arainfo.kz

Алматы облысында криминалдық полиция қызметкерлері жайылымда жүрген ірі қара малды ұрлаған үш адамнан құралған қылмыстық топты ұстады.

Бүгінде аталған топтың жергілікті тұрғындарға тиесілі 30-дан астам сиырды ұрлағаны дәлелденді. Белгілі болғандай, ұсталғандардың бірі Volkswagen жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Күдіктілер әр екі-үш күн сайын мал ұрлап, оны сойып, етін Алматы қаласының базарларында сатқан. Павлодар облысында да полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар 2023 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Екібастұз ауданы аумағында жылқыларды ұрлаған. Тергеу барысында күдіктілердің бірі ауыл шаруашылығы серіктестігінде жылқышы болып жұмыс істеп, соңғы екі жыл ішінде 70-тен астам жылқыны ұрлағаны анықталды.

Мал ұрлығымен күрес – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда мал ұрлығы қылмыстарының саны 64%-ға азайған. Жыл басынан бері 188 мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыскерлер ұсталып, 41 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылды.

Ішкі істер министрлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады: - қораларды бекітіп, малды қараусыз қалдырмау керек; - асыл тұқымды малды бақылауға алу мақсатында GPS-трекерлерді орнату сияқты заманауи тәсілдерді кеңінен қолдану қажет; - малды үнемі есепке алып отыру, чиптеу, сырғалау және ен салу керек.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар