Жамбыл облысы Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады
- author AR-AY
- 20 мамыр, 2025
- 1

2025 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі 15,8 пайызды құрап, орташа республикалық көрсеткіштен асып түсті.
Оң динамика экономиканың негізгі салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етілді: өнеркәсіп – 23,6%, ауыл шаруашылығы – 0,7%, құрылыс – 22,1%, көлік – 11,2%, байланыс – 7,7%, сауда – 2,5%.
Қарқынды дамудың маңызды шарты өңір экономикасына тұрақты түрде түсетін инвестицияларды тарту.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексінің айтарлықтай өскені байқалған өңірлер арасында Жамбыл облысы көш бастап тұр.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге (190,8 млрд теңге) өсті.
Бұл бизнес қауымдастықтың өңірдің экономикалық әлеуетіне деген сенімінің жоғары деңгейін дәлелдейді.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы атап өткендей, өндірістік және инфрақұрылымдық салалар әлі де ең көп капиталды қажет етеді. Бұл елдің экономикалық саясатындағы қазіргі басымдықтар мен өндірістік әлеуетін дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.
Тұрғын үй саласында да өсім байқалды. Төрт айда 173,2 мың шаршы метр тұрғын пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға артық.
Оң серпін өңір экономикасының тұрақтылығын айғақтайды.
Жамбыл облысы әкімінің
баспасөз қызметі