
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Ерлан Қожағапанов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.Қожағапанов 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан–Ресей форумын ұйымдастыру кезінде жеке компанияның мүддесін қорғап, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берген. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 1 млрд теңгеден асқан.
Сот үкіміне сәйкес, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. Сотталушы қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді. Үкімге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қамауда ұстау уақытының бір күні бір жарым күнге теңестіріледі.
Ерлан Қожағапанов 2017–2019 жылдары ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, 2019–2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылы қайтадан Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған.