Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жас экологтар сынға түсті

Жас экологтар сынға түсті
Автор
Облыс әкімдігі білім басқармасының мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізу орталығы жас экологтар арасында «Мен – зерттеушімін» атты байқау ұйымдастырды. Байқауға 10-13 және 14-16 жас аралығындағы екі жас санатында барлығы 28 оқушы қатысты.

Сайыс «Эко-болашақ» және «Экологиялық ойындар» атты екі номинация бойынша өтті. «Эко-болашақ» номинациясында оқушылар Қазақстан мен әлемдегі экологиялық жағдайды жақсарту жолдарын ұсынатын ғылыми жобаларын таныстырды. Ал «Экологиялық ойындар» номинациясында қатысушылар экологиялық ағартуды қызықты оқиғаға айналдыратын үстел ойындарын ойлап тауып, оларды көрнекі түрде безендіріп ұсынды. Анығын айтқанда, оқушылар өз ғылыми еңбегін қорғап, жобаларын таныстырды.

Қазылар алқасының құрамында мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізу орталығының директоры Балдай Ертуғанова, бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Альбина Ержанова, «Жамбыл дарыны» облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының зияткерлік іс-шаралар және олимпиадалар бөлімінің меңгерушісі Айман Тажібекова, осы бөлімнің әдіскері Жансая Әлімқұлова бар. Сондай-ақ №32 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Жұлдыз Асанова және Тараз техникалық шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі Кенже Шүленова өрендердің жұмысын бағалады.

Қазылар алқасының шешімімен «Эко-болашақ» номинациясында 10-13 жас санатында Қордай ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №7 орта мектептің оқушысы Яна Храпицкая жүзден жүйрік шықты. Осы аталымда 14-16 жас санатында Қордай ауданы. Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектептің оқушысы Назима Жетпіс Гран-при иегері атанды.

Ал «Экологиялық ойындар» номинациясы бойынша 10-13 жас санатында Шу ауданы, С.Шәкіров атындағы орта мектептің оқушысы Аяру Кеңесбек үздік деп танылды. 14-16 жас санатында Қордай ауданы, А.С.Пушкин атындағы №7 орта мектептің оқушысы Шыңғысу Мұрумбаев бас жүлдені жеңіп алды.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар