
Бүгін, 11 мамыр – Аналар күні. Кез келген адам үшін жүрекке ең жақын мереке – әр ананың ақ тілеуіне, шексіз махаббатына алғыс айту күні деп те есептеледі.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің аға бақылаушысы, әділет старшинасы Мәулен Керімбекұлының анасы Мухаббат Баялиева құрметке лайықты жан.
Айта кетейік, көпбалалы ана Мухаббат Жетпісбайқызы «Алтын алқа» иегері. Аяулы ана 4 ұл, 3 қызды мәпелеп өсіріп, олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына зор еңбек сіңірді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 3 ұлы ішкі істер саласында жұмыс істеп, қоғам тыныштығын күзетуде.
Келесі мақала