Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Отан үшін отқа түсу – әр азаматтың ұлы міндеті

Отан үшін отқа түсу – әр азаматтың ұлы міндеті
www.gov.kz
Қадірлі жамбылдықтар!

Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – жүрегінде жалын, білегінде қайрат, бойында Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі бар ерлердің, хас батырларлың мерекесі.

Отан үшін қызмет ету – әр азаматтың қасиетті парызы, ең ұлы міндеті!

Әскери қызмет тек мамандық емес, бұл – тағдыр мен жүрек таңдауы. Бұл – ерлікке, сабыр мен сертке, ұлта деген жанқиярлыққа негізделген қасиетті жол.

Сарбаздар мен сардарлардың ерен еңбегі, ел мен жерге деген адалдығы – тыныштықтың кепілі.

Бүгінде ержүрек қаһармандар ел шетіне жау тисе, етігімен су кешкен ата-бабалардың жолын жалғап, Қазақстанның бейбіт тіршілігін қорғап, Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын биіктетіп келеді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, әскер – мемлекеттің аса маңызды символы.

Біз бейбіт күннің батырлары, еркіндіктің қорғаны, болашақтың қалқаны – әскери қызметшілерді мақтан тұтамыз!

Сіздердің ерліктеріңіз – ұрпақа үлгі, елге медет!

Қастерлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мызғымас рух, баянды бақ, сарқылмас жігер тілеймін!

Қазақстан армиясының айбыны асқақ, еліміздің еңсесі биік, іргесі берік болсын!

Мереке құтты болсын!

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ,

облыс әкімі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар