Жаңалықтар
Жамбыл облысында түзеу мекемесіне белгісіз зат лақтыру әрекеті тоқтатылды
- author AR-AY
- 8 мамыр, 2025
- 129

2025 жылғы 7 мамыр күні таңғы сағат 09:25 шамасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің бейнебақылау камерасы арқылы белгісіз азаматтың мекеме аумағына белгісіз зат лақтырғаны анықталды,деп хабарлайды arainfo.kz
Оқиға орнынан жедел әрекет еткен мекеме қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің патрульдік жасағы күдіктіні ұстады. Ол – 1990 жылы туған, Тараз қаласының тұрғыны екенін мәлімдеген азамат.
Тексеру барысында қара мата мен жабысқақ таспамен оралған төртбұрышты зат табылды. Онда 3 дана ұялы телефон бар екені анықталды. Аталған аумаққа күзет қойылды.
Факт бойынша тиісті дерек мекеменің ақпараттық есепке алу кітабына тіркеліп, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің кезекші бөліміне хабарланды. Сонымен қатар, облыс прокуроры мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментіне ақпарат жеткізілді.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнына Тараз қаласы №1 полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды.
Келесі мақала