Жаңалықтар
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай сотталғандар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды
- author AR-AY
- 7 мамыр, 2025
- 426
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай сотталғандар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Іс-шараның мақсаты – жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау және патриоттық рухты нығайту болды.
Жарыс барысында арқан тарту, қол күресі сынды ұлттық және спорттық ойын түрлері өткізілді. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсетті.
Мекеме басшылығы мұндай шаралар жазасын өтеушілердің тәртіпке бейімделуіне, өзара қарым-қатынасын нығайтуға және оңалту процесіне оң әсер ететінін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




