Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Биыл 217 мың түлек мектеп бітіреді – статистика

Биыл 217 мың түлек мектеп бітіреді – статистика
gov.kz
Оқу-ағарту министрлігі биыл қанша оқушы мектеп бітіретіні туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстанда дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды. Оның ішінде 217 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

23 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының соңғы күніне орай «Білімім — Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл шарада ұстаздар мен оқушылар бірлесе жыл ішіндегі маңызды сәттерді еске алып, патриотизм мен білімге құштарлық туралы ой бөліседі.

Оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге (26 мамыр) сәйкес келгендіктен, 11-сынып бітірушілеріне арналған салтанатты шаралар 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.

Министрлік барлық мектептерге қауіпсіздік пен тең жағдайды қамтамасыз ету мақсатында мектеп форматынан тыс сән-салтанатты кештер, ақша жинау, автокөлікпен шеру және өзге де жеке іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынғанын тағы бір мәрте еске салды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар