Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

10 мыңнан астам оқушы облыстық олимпиадада бағын сынайды

10 мыңнан астам оқушы облыстық олимпиадада бағын сынайды
gov.kz
Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңі басталды,деп хабарлайды arainfo.kz

Биылғы олимпиадада аудандық және қалалық кезеңдерден іріктелген 10 758 оқушы бақ сынасуда.

Олимпиаданың мақсаты оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, ғылыми білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың дарыны мен қарым-қабілетіне қолдау білдіру және ерте кәсіби бағдарлау жүргізу. Сонымен бірге, талантты оқушыларды анықтап, оларды республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларға даярлау көзделеді.

Олимпиаданы бүгін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтуде. Ал 30 сәуір күні балалар қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер білім бәсекесіне түседі.

 Бұл зияткерлік доданың жүлдегерлері – 18-21 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін респубикалық олимпиадаға жолдама алады. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар